Back

Қытайдың тауары қазақ экономикасының табыс көзі ме?

Коронавирус Қазақстан экономикасына да әсер етті, – деп хабарлайды AstanaTV.

Қытайдан тауар әкелетін кәсіпкерлер саудасы тоқтағалы тұр. Сарапшылар бизнесмендер банкрот болады деп болжайды.

– Көрші елдегі ахуал ақпанның ортасына дейін тұрақталмаса, елде дағдарыс болуы мүмкін. «Барахолка» базарындағы саудагерлердің жағдайы төмендемек. Елдегі қытайлық дүкендердің де саудасы тоқтайды. Тіпті, қоймада сақтаулы тұрған тауарлар да бірер айда бітері сөзсіз, – дейді.

Қазір вирустың алдын алу үшін шекарада сақтық шаралары күшейтілген. «Қорғас» халықаралық сауда орталығы 15 ақпанға дейін жабылды.

Алматыда автокөлік бөлшектерін сататын кәсіпкерлер бір ай бойы тауар әкеле алмай отырғанына, шығыны көбейгеніне шағым айтқан.

Тағы оқыңыз:

Жаңа айыппұл, жүргізушілер назар аударыңыздар!