Cоңғы жаңалықтар
Back

Генерал қылмысын мойындады

Қорғаныс министрлігінің генералы жүйелі түрде пара алғанын мойындады, – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сілтеме жасап Sputnik Қазақстан сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қорғаныс министрлігімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, генерал-майорды ұстады.

Әскери шенеунік құзіретіне кәсіби кадрларды іріктеу мен орналастыру, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу шаралары кірген.

Алайда ол өзі қол астындағы қызметкерлерден жалпы қамқорлығы және қызмет бабымен көтергені үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алып отырған.

– Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушы қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді. Биылғы жылдың 31 қаңтарында күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады, – делінген ресми хабарламада.

 

Тағы оқыңыз: 

Шетелдік жұмыс күшіне квота қысқарса, жұмыссыз қазақтың саны азаяды