Back

Түркістан. Жедел жәрдем қызметіне 300-ге тарта маман жұмысқа қабылданды

Облыстық жедел жәрдем қызметіне фельдшер мамандары іріктелді. Өңірдің барша аудан-қалаларындағы жедел жәрдем стансаларында жұмыс істеуге 318 үміткер ниет білдіріп, олар бірнеше сыннан өтті.

Жас мамандар комиссия мүшелеріне өздерінің теориялық білімдері мен алғашқы медициналық көмек берудің тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Әрбір қатысушы сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелік ептіліктерін байқатты. Үміткерлердің қатарында көпбалалы отбасыдан шыққан 86 және ата-аналары мүмкіндігі шектеулі 17 жас болды. Жұмысқа тұрған жастардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Іріктеу конкурсының нәтижесі бойынша комиссия мүшелері 279 маманды жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, бүгінде аймақта әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелерін тұрақты жұмысқа тарту жағына көп көңіл бөлінуде.

Сондай-ақ, облыста Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5300 дәрігердің еңбек жалақысы 30 пайызға, 18 мыңнан аса орта буынды маманның айлығы 20 пайызға көтерілді. Елімізде «нәресте мен бала өлімін азайту» бойынша бекітілген жоспарды жүзеге асыру мақсатында неанатолог дәрігерлердің жалақысына 50 пайыздық үстемақы қосу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек, медициналық емес зертхана мамандарының айлық жалақылары 30 пайызға өсті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тағы оқыңыз:

Америкада Димаштың жанкүйерлері байрағымызды желбіретіп, әнімізді шырқады