Back

Нұр-Сұлтанға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео келді

Сенбі күні кешке АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мінген ұшақ Нұр-Сұлтанға келіп қонды. Dalanews.kz ақпарат агенттігі бұған дейін елімізге іс-сапармен Майк Помпеодің келетінін хабарлаған болатын.

Алдын ала таратылған ақпараттарға сәйкес Майк Помпео Қазақстан басшылығымен екіжақты және өңірлік қарым-қатынас пен жаһандық деңгейдегі мәселелерді талқыламақ.

Сапар аясында М.Помпеоның ел басшылығы мен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, Майк Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан мен Кипрге сапары 3-7 қаңтар аралығына жоспарланған.

Қазақстанға ол 5 қаңтар күні келуі керек болатын. 2 қаңтар күні Мемлекеттік хатшының Қазақстанды қоса алғанда 5 мемлекетке сапары АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздіктерге байланысты тоқтатылғандығы мәлім болды.

 

Тағы оқыңыз:

Дональд Трамп: «Қазақстанға инвестиция салуды арттырамыз»