Back

Ухандағы 61 студент елге оралмақ. Олар осында карантинге жабылады

Оларды елге алып қайту үшін арнайы қорғаныс костюміндегі қазақстандық дәрігерлері бар жеке ұшақ шығарылады.


Біздің үкімет ҚХР үкіметіне ондағы 61 қазақстандық студенттерді эвакуациялауға өтініш білдірді, – деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бүгін таңертең хабарланғандай, біздің үкімет ҚХР-ға Ухандағы 61 студентті эвакуациялауды ұйымдастыруға ниетті екенін білдірді, – деді Бекшин.

Оның айтуынша, оларды елге алып қайту үшін арнайы қорғаныс костюміндегі қазақстандық дәрігерлері бар жеке ұшақ шығарылады.

– Келгеннен кейін студенттер жабық орынға орналастырылып, 14 күнге карантинге жабылады. Біз Қытай тарапынан өзіміздің ұшақтың шығуына келісімін бергенін күтіп отырмыз. Осы себепті де әзірге шекараны жабу мүмкін болмай тұр, – деп толықтырды сөзін бас дәрігер.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Ухандағы студенттерге арнайы ұшақ жіберілуі мүмкін екенін айтқан.

Тағы оқыңыз:

Тоқаев сынға алған Есімовті Назарбаев қабылдады