Back

Ай сайын шашын бояйтын Түркіменстан президенті елді әбігерге салуда

Мары уәлаятында билік мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшыларынан президент суреттерін ауыстыруды талап еткен деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Аймақ билігі бұны мемлекет басшысы шашының түсі өзгергенімен түсіндірген.

Гурбангұлы Бердімұхамедов 2018 жылы жазда имиджін өзгерткелі бері, оның самайын бірден ақ шала бастаған.

“Президент суреттерін ауыстырмағандарға айыппұл салынатыны айтылған” деп хабарлады Азатлыктың Мары уәлаятындағы тілшісі.

“Президент ай сайын шашының түсін өзгертеді, билік бізден оның суретін алмастыруды әрдайым талап етеді” деп шағымданды мемлекеттік мекеменің бір қызметкері.

Тілші жергілікті дүкендерден президент суретінің бағасын анықтап білді. “Сурет 10-нан 100 манатқа дейін сатылады”. Президент суретінің ең қымбаты 300 манатқа дейін барады.

Бұған қоса жергілікті билік мемлекеттік мекеме басшыларынан 2020 жылдың басты ұраны – “Түркіменстан – нейтралитет Отаны” деп жазылған плакаттарды ілуін талап етіп отыр. Мұндай плакаттардың бағасы да 100 манатқа дейін барады.

Тағы оқыңыз:

Экономика министрі: “Дубайдағы ЭКСПО-ға жөнсіз ақша шашпаймыз”