Back

Орыс әншілері Димашқа «бойкот» жариялады

Ресей шоу-бизнес өкілдері Димаш Құдайбергеннің Инстаграмындағы ресми парақшасына жазылуды тоқтатып, достықтан шығып жатыр, – деп хабарлайды sm-news.ru сайты.  

Бұған дейін Димаш танымал Ресей композиторы Игорь Крутоймен жұмыс істегені белгілі. «Ендігі таңда қазақтың талантты ұлы Оңтүстік Корея елінің сазгерімен жұмыс істеуі мүмкін» деген расталмаған ақпарат тараған еді.

Басков, Киркоров, Пьеха, Долина, Савичева, Гагарина – Димаштың Инстаграмдағы парақшасына жазылудан шығып кетуі – қазақ әншісіне қарсы жасалған «бойкот» дейді Ресей сайтының сарапшылары.

– Игорь Крутоймен ары қарай жұмыс істеу мәселесіне байланысты Ресей әншілері Димашқа осылай қыр көрсетіп, Ресейлік сазгерді жақтауда. Олардың қолдауынсыз биікке көтерілген Димаш, олардың шығып кеткенін байқамай да қалуы мүмкін, – деп жазады аталмыш сайт.

 

Тағы оқыңыз:

Алматыда баукеспелер Мәжіліс депутатын тонап кетті