Back

Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі ҚР Президенті Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында:

– Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады, – деді.

Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

 

Тағы оқыңыз:

Тоқаев Мамин басқаратын Үкіметке сенім білдірді