Back

Түркияда жер сілкінді, қаза болғандар бар (видео)

Түнде Түркияның шығысындағы Елазығ провинциясында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі орын алып, тосынан келген зілзаладан қаза тапқандардың саны 18 адамға жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі таңда құтқарушылар үйінділер арасынан адамдарды іздестіріп жатыр.  Зілзаладан шошынып қалған Елазығ тұрғындары үйлеріне кіруден қауіптеніп көшелерде жүр.

Әлеуметтік желілерде пайда болған фотолардарн қала орталығында қираған ғимараттар көрінбейді, алайда Гюнбалы ауылының әкімі Озджан Гюндемнің айтуынша, қирандылар астында қалған адамдар туралы ақпарат бар.

Зілзаланың қатты болғаны сонша оның дүмпуі көршілесі Сирия, Ливан және Иранда анық байқалған.

Жалпы Түркия сейсмикалық белсенді аймақта жатқан ел болып саналады. Түрік елінде ең қатты жер 1999 жылы орын алып, зілзала 17 мың адамның өмірін жалмаған болатын.