Back

Қытай: жаңа вирус мутацияға ұшырап, 440 адамға жұқты

21 қаңтарда Қытай ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәлімдеуінше, 13 провинцияда 440 адам қауіпті жұқпалы ауруды жұқтырған. Вирустың адамнан адамға жұққаны анықталған.

22 қаңтарда Орталық Қытайдағы Ухань қаласында өткен брифингте комиссия директорының орынбасары Ли Бин жануарларды кіргізуге тыйым салынғанын мәлімдеді. Жаңа вирус осы провинцияда тіркелген. Ли Бин жаңа вирусты тағы 149 адам жұқтырғанын хабарлады. Ол вирус тез таралады дегенге дәлел жоқ екенін айтты.

Дегенмен Аурудың алдын алу және бақылау орталығының бас директоры Гао Фудың айтуынша, жаңа вирус мутацияға ұшырап, бейімделіп жатыр.

Бір күн бұрын жаңа вирус АҚШ-та тіркелгені хабарланды. 15 қаңтарда Ухань қаласынан Вашингтон штатына оралған ер азамат 19 қаңтарда дәрігерлерге қаралған. Қазір оның жағдайы бірқалыпты.

22 қаңтарда жаңа вирустың таралуы мәселесін Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы талқылайды.