Back

Бас прокуратура Бақауов ісіне қатысты түсінік берді

17 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды.


Парламент Мәжілісі дәлізінде тілшілерге сұқбат берген ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісі “бақылауда” екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Ол екі айға қамауға алынды. Іс бас прокурордың бақылауында”, – деді ол.

Сонымен бірге Ахметжанов “прокуратура Конституцияның шеңберінде әрекет жасап жатқанын” айтты

Бұрын хабарланғандай, 15 қаңтарда ҚР ҰҚК қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұстағаны туралы ақпарат жария болды.

Кейін әкімнің үстінен жоғары лауазымды шенеунік домалақ арыз түсіргені белгілі болды.

Осы хабардан кейін кешке әкімнің атынан Instagram-дағы парақшасында оның жұмыс істеп жатқаны туралы жазба жарияланды.

16 қаңтарда Павлодар облысының әкімдігі Бакауовқа қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады, онда олар тергеу әрекеттері мен қылмыстық іке қатысты түсінік бере алмайтындығы туралы хабарлады.

17 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанға алтын іздеп келген канадалықтың бастан кешкені