Back

Абаев шетелдік нөмірдегі көліктерге салынған тыйымға қатысты ойын айтты

Министр бүгіндері жолда апат болған кезде ізін суытатын, жол ережесін өрескел бұзатын, жазаланбайтына бек сенімді жүгенсіздік секілді жағдайлар жиі қайталанып кеткенін еске салды.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев басқа мемлекеттерде тіркелген көліктердің елімізге әкелінуіне және пайдалануына тыйым салуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

– Бұл жаңадан ойлап шығарылған нәрсе емес және оның астарында екіұштылық жоқ. Шетелдің тіркеуінде тұрған автокөлікті сатып алғанда, адамдар баж салығы мен барлық төлемдерін төлеп, қайта тіркеткеннен кейін ғана оны пайдалануға болатынын жақсы білді.

Бірақ, соған қарамастан, олар саналы түрде мұндай көліктерді әкеліп, ешқандай тіркеусіз оған “мініп” алды. Әдеттегідей, олар мұндай жағдайларда өздеріне бір мүмкіндік беріледі деп үміттенген болар. Бірақ автокөлік иесі болуы тиіс қауіптілігі жоғары объект екенін олар дұрыс түсінуі керек, – деді Дәурен Абаев “Хабар” телеарнасындағы “Открытый диалог” бағдарламасына берген сұқбатында.

Министр бүгіндері жолда апат болған кезде ізін суытатын, жол ережесін өрескел бұзатын, жазаланбайтына бек сенімді жүгенсіздік секілді жағдайлар жиі қайталанып кеткенін еске салды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда осындай жүргізушілердің кінәсінен 132 адам қайтыс болған.

– Мұндай көліктердің көпшілігі тәркіленген немесе ломбардқа кепілге қойылған, тағы болмаса ұрланған болып шығады. Егер ертең олардың иелерін сот орындаушылары іздеп келсе, онда бұл мүліктер толығымен заңды түрде тәркіленеді. Бұл жағдайдағы, ең таңқаларлық нәрсе – бұл автокөліктің қазақстандық иесі өз мемлекетінен әділеттілікті талап етеді және біз бұған неге жол бергеніміз туралы талап қояды, – деді таң-тамаша Дәурен Абаев.

Сондай-ақ министр төленбеген салықтар мен айыппұлдар мәселесіне де назар аудартты.

– Елестетіп көріңізші, біздің жолдарымызда шетелдік нөмірдегі 200 мыңға жуық автомобиль жүйткіп жүр. Олар біздің жолдарымызбен жүреді, біздің қоршаған ортаны ластайды, бірақ олар үшін мұның бәрін адал әрі заңдардың томпақ тұсын пайдаланбайтын, заңға бағынатын азаматтарымыз төлейді, – деп сөзін түйіндеді Абаев.