Back

Тоқаевтың кеңесшісі: “Президент тапсырмасы орындалған жоқ”

Зейнетақы жинағына баспана алуға мүмкіндік беретін президент тапсырмасы орындалмады.


Мемлекет басшысының кеңесшісі, қаржыгер Олжас Құдайбергенов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Тоқаевтың тапсырмасына сай зейнетақы жинағы тұрғындардың 1 пайызына емес, 99 пайызына баспана алуға жол ашу керек еді.

“Өткен жылдың күзінде президент зейнетақыға қосымша 5 пайыздық салым енгізу туралы шешімді 2023 жылға дейін шегерді. Бұдан сырт зейнетақы жинағындағы қаражатқа баспана сатып алуға мүмкіндік беретін амалдарды қарастыруды тапсырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тапсырманың өңін өзгертіп, жинағы 10-12 млн-нан асатын тұрғындарға ғана үй алуға рұқсат берейік деген ұсыныс айтуда. Ал олардың саны небәрі 102 мың адам. Үйсіз-күйсіз емес, ауқатты, барлығының басында баспанасы болуы әбден мүмкін.

Тоқ етерін айтқанда Тоқаевтың тапсырмасы орындалған жоқ. Бұған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты еді. Зейнетақы жинағындағы қаражатқа үй сатып алу қоғамның азғантай бөлігін ғана қамтымауы керек.  Тоқаевтың тапсырмасына сай зейнетақы жинағы тұрғындардың 1 пайызына емес, 99 пайызына баспана алуға жол ашу керек еді”, – дейді қаржыгер.

Қарау (opens in a new tab)