Back

Темір жол – ел экономикасының сенімді негізі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан Тәуелсіздігі Күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Компания Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев қызметкерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ағымдағы жылы компанияның жетістіктері мен қызметінің нәтижелеріне тоқталып, болашақтағы жоспарлармен бөлісті.

– Көптеген сынақтар арқылы жүріп өткен жолымыз барлық салада қуатты әлеуетке ие, тәуелсіз мемлекетті құруға мүмкіндік берді. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы теміржолшылардың күн сайынғы ауыр жұмысының арқасында еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін жүзеге асыруға, көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді, – деп атап көрсетті Сауат Мыңбаев.

Сонымен, 11 айдың қорытындысы бойынша компания 286,6 млн тоннадан астам жүк тасымалдады. Қазақстан арқылы өтетін барлық көліктік дәліздер бойынша контейнерлік тасымал өсуде. 590 мыңнан астам ЖФБ контейнерлі жүк тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңі қорытындысынан 26%-ға жоғары. Бұл ретте, транзиттік тасымал шамамен 15,5 млн тоннаны құрады.

Салтанатты жиын барысында Сауат Мыңбаев өндіріс озаттарына мемлекеттік және салалық марапаттарды табыс етті. Қазақстанның көлік-логистикалық кешенің дамытуға қомақты үлес қосқаны үшін 21 қызметкер марапатқа ие болды.

Олардың арасында – «Ірілендірілген Есіл жол дистанциясының» жол монтері Жұмабай Рахметов, «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесінің» цез мастері Ерғали Соқенов, Астана жол дистанциясының өндірістік оқыту мастері Еркен Сәрсебаев және өзгелері бар.

Жалпы барлық темір жол бойынша мемлекеттік және салалық наградаларға 600 астам теміржол қызметкері ие болды.

Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы «ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы» республикалық сайысының жеңімпаздарын құттықтады, олардың 13-і «Инновация», 47-сі – «Әлеуметтік жауапкершілік» және 40-ы «Кәсібилік» номинацияларының жеңімпаздары.

– Компанияның 100 жас қызметкері болашақ басшылық резервіне алынды. Бұл алтын жастар – компанияның жарқын болашағы! Біз ары қарай да олардың жасампаздық әлеуетін ашу, жас қызметкерлерді инновациялық қызметке тарту, кәсіби өсуі үшін жағдай құруға бағытталған жастар саясаты бағдарламаларын жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлетін боламыз, – деді Сауат Мыңбаев.

Салтанатты жиын соңынан темір жол еңбеккерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қызметкерлерінің ерік-жігерімен әзірленген мерекелік концертті тамашалады.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі