Back

Үздік үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы табысталды

Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарғаарналған сыйлықақы – бұл 15 маңызды бағыттар бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес секторды мемлекеттік қолдау тетігі.

Сыйлықақылар ҮЕҰ-дың дамуына және әлеуетін, материалдық және кадрлық ресурстарын нығайтуға, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруда мотивацияны арттыру үшін нақты мүмкіндік. Сыйлықақылар 2017 жылдан бастап ҮЕҰ-ды ынталандыру тетігі ретінде беріліп келеді.

Елордадағы Редиссон қонақ үйіндеАқпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаевтың қатысуымен 2019 жылдың үздік үкіметтік емес ұйымдарына сыйлықақы табысталды.

Сыйлықақы жеңімпаздары қатарында «Жаңғыру» қоғамдық қоры да бар.«Мәдениет пен өнерді дамыту» аталымы бойынша сыйлықақыны алған «Жаңғыру» қоғамдық қорының төрайымы Динара Жұмабайқызы аталған сыйлықақы ҮЕҰ-ның жұмысына берілген баға әрі қолдау екенін айтады.

«2009 жылы құрылған «Жаңғыру» қоғамдық қорыныңбасым бағыты – мәдениет пен өнерді, руханиятты дамыту. Қоғамдық әлеуметтік маңызы бар саланың бірі – Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру: ұлттық өнерді жаңғырту, көне дәстүрлі музыкалық шығармаларды рухани айналымға қосу, оның бүгінгі жай-күйін зерттеу мен қоғам назарына салу. «Жаңғыру» қоғамдық қоры мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында: дәстүрлі өнерді насихаттау, асыл мұра музыкалық өнеріміз бен оның белгілі өкілдерін насихаттау, Қазақстанның аймақтарының музыкалық мұрасын зерттеу,сол асыл мұраны сандық жүйеге көшіріп, СД дискілер жинағына шығару сынды шараларға басым бағыт беру – дейді «Жаңғыру» қоғамдық қорының төрайымы Динара Жұмабайқызы.