Cоңғы жаңалықтар
Back

Алтай Көлгінов тәртіп сақшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ардагерлер мен полиция департаментінің қызметкерлерін келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Биыл тәртіп сақшыларының сыйақысына 700 миллион теңге бөлінді. Мереке күндеріне орай тағы 200 миллион теңге қосымша сыйақы берілген.

– Біз тәуелсіз және көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының саясатының арқасында тұрақты, мықты мемлекет құрылды. Тәуелсіздік жылдары көп нәрсеге қол жеткізе алдық. Біздің елордамыз-еліміздің тәуелсіздігі мен үздіксіз дамуының символы.

Сіздер күрделі де игі миссияны орындап, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етесіздер. Елбасы қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қалыптастыру міндетін қойды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ІІМ кеңейтілген алқа отырысында ведомствоның жұмысы жүйелі және нақты ұйымдастырылуға тиіс екенін атап өтті.

Бірлескен жұмыстың арқасында қылмыс саны 23%-ға, қоғамдық орындарда 44%-ға, ал ауыр қылмыстар саны 40%-ға азайды. Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сізге және сіздің отбасыңызға амандық пен денсаулық тілеймін, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Ағымдағы жылдың жаз мезгілінде «Есіл» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері үшін жаңа ғимарат ашылды. Қызметкерлерге қосымша арнайы машиналар мен сыйақы берілді. Қала әкімі Алтай Көлгінов пен полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов ерекше көзге түскен тәртіп сақшыларына алғыс хаттар табыс етті.