Back

Алдағы жылдан бастап Нұр-Сұлтанда қолжетімді тұрғын үй көлемін 3 есеге артады

Елорда әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қолжетімді тұрғын үйдің құны мен көлемі, сату мерзімін қамтитын жол картасына қол қойды.

Құжатта қызметкерлерге банк бағдарламалары бойынша консультациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарттар жасасу жөніндегі нормалар жазылған.

Енді Нұр-Сұлтан қаласының бюджеттік сала қызметкерлеріне ҚТҚЖБ-дағы өз депозиттерін автоматты түрде толықтырып, тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы қаржыны тез жинақтай алады.

Елорда әкімі мемлекет басшысының келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй көлемін 3 есеге арттыруды тапсырғанын атап, сол ретте тиісті шаралар іске асырылатынын тілге тиек етті.

– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен, дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесе отырып үлкен жұмыс атқарамыз», – деп атап өтті А.Көлгінов.

Өз кезегінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жинақтаушы азаматтың шотты жалақы есебінен аудару мүмкіндігіне тоқталып өтті.

– ТҚЖБ-дағы шотта үнемі қаражат жинақтау маңызды. Үдерісті жеделдету үшін қала әкімдігімен бірлесіп қаражат жинақтауды енгіземіз. Ол үшін ұйымның бухгалтериясына барып, ТҚЖБ-дағы жинақ шотына қажетті соманы ай сайын аудару туралы өтініш жазу қажет, – деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, аталмыш процесс бухгалтерлер үшін де тиімді. Олар ресми түрде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің серіктес-кеңесшілері болып танылып, өз жұмысы үшін ақы алады.

Мысалы, компания бухгалтері ұзақ мерзімді 10 тапсырма жасаса, оның негізгі жалақысына қоса 5 000 теңге түседі. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтанда тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 208 мыңнан астам салымшысы бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі Банк клиенттеріне 3,5%-дан 5%-ға дейінгі ставка бойынша тұрғын үй сатып алуға несие алуға мүмкіндік береді.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының 9,5 мыңнан астам тұрғыны өз тұрғын үйін сатып алуға несие алды, ал 51 мың тұрғын депозит ашты.

 

Тағы оқыңыз:

Елорда ұзтаздары Кембриджде біліктілігін арттырды