Cоңғы жаңалықтар
Back

Серік Әбденов: «Еңбек қауіпсіздігі – өзінің өзектілігін жоймайды»

Еліміздегі ірі компаниялардың ҚР Еңбек қауіпсіздігі талаптарды бұлжытпай орындауы, қызметкерлерді арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету қашанда маңызды мәселе. Осы ретте еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компания «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне бірінші кезекте назар аударып келеді. Бүгінде компания мен оған қарасты құрылымдарда еліміз бойынша 130 мыңнан асам еңбек тұрақты түрде еңбек етуде. Сол себепті компанияда қарапайым еңбек адамдарының қауіпсіздігін сақтайтын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне айрықша көңіл бөлінуде.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін базалық жабдықтармен толық қамтамасыз ету мәселесіне барынша көңіл бөліп, басшылықтың назарын аударын келеді.

– Бүгінгі таңда біздің қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін базалық мәселерді шешіп, қарапайым теміржолшыларға қажетті жекелген қорғаныс жабдықтарымен және арнайы киім мен аяқ киімдерімен қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл мәселелер ұзақ жылдардан бері өзінің өзектілігін жойған емес, еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелердің бәрін жедел түрде шешу қажет, – деді Серік Әбденов.

Бүгінде темір жол саласында қауіпсіздікке қатысты ең таңдаулы іс-тәжірибелер Қазақстанда және өзге де алыс-жақын елдерде қолданылуда. Темір жолдағы еңбек қауіпсіздігін сақтау ісі жұмысшылардың менталитеті мен техникалық құрал-жабдықтарына, керек десеңіз климатты жағдайға тәуелді болмауы керек.

Темір жол саласындағы еңбек қауіпсіздігін сақтауға қатысты заңнама да соңғы уақытта барынша жетіле түсті. Айталық, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң – техникалық қырынан және мемлекеттің бақылауды қаматмасыз ету жағыныан толықтай жетілген деп нық сеніммен айтуға болады. Тағы да айта түссек, заңнаманы жетілдіру кезінде ең таңдаулы халықаралық стандарттар басшылыққа алынғаны белгілі. Осы ретте бұған дейінгі еңбек қауіпсіздігіне қатысты заңнамада еңбек ұжымына тиісінше көңіл бөлінбеді ма деген сұрақ туындайтыны анық.

Соңғы уақыттары еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелер С. Әбденоа бастаған топ-менеджерлер мен ұлттық компанияның өзге басшылары барынша көңіл бөліп, бұл бағыттағы жұмыстарға серпін беріп келеді. Осындай қажырлы жұмыстың арқасында мемлекеттік бақылаушы органдар еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компания еңбек қауіпсіздігін сақтауда жоғары стандарттарға жауап беретінін мойындап, өздерінің жоғары бағасын бере бастады.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау – тиісті ішкі тәртіптің негізінде жазылған  талаптарды үтір, нүктесіне дейін орындау ғана емес, сонымен қатар кез келген қызметкер жұмыс алгоритмін және өзі мен жолаушылардың қауіпсіздігін сақтап, жұмысына жүрдім-бардым қармауы маңызды. Бұдан басқа қауіпсіздік – өртке қарсы, апатты-құтқару, экологиялық, гигиеналық керек десеңіз қалдықтарды реттеу ісімен де тікелей байланысып жатқан кешенді мәселе десек артық айтқандық болмас еді.

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденовтың басшылығымен еңбек қауіпсіздігін сақтау ісімен тікелей сабақтасып жатқан істерге теміржолшылар айрықша мән беруде. Иә, бұл салада ұзақ жылдар бойы көптеген мәселелер қордаланғанып қалды, бірақ қазіргі таңда барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп, жұмыс алға басып келеді.