Back

Дереккөз: Тасмағамбетов елші қызметінен кетіп барады

Дереккөздің хабарлауынша, Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасқа жетуіне байланысты лайықты демалысқа шығады.


Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетті. Бұл туралы Telegram-ға саясаттанушы Ербол Еділов жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Кейбір мәліметтер бойынша, Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен кетеді және зейнет жасына жетуіне байланысты лайықты демалысқа шығады”, – деді Еділов.

Аталған ақпаратты Ресейдегі елшілік өкілдері растаған жоқ.

“Ресми ақпарат жоқ, әдепкі жағдайда жұмыс істеудеміз”, – деді Тасмағамбетовтің кеңесшісі Жанар Колбачаева.

Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметте 2017 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істейді.

 

Тағы оқыңыз:

Серік Әбденов: «Еңбек қауіпсіздігі – өзінің өзектілігін жоймайды»

Жоспар. Жыл сайын 100 жолаушылар вагоны сатып алынады