Cоңғы жаңалықтар
Back

Тоқаев: “Украина? Олар бейбіт те берекелі өмір сүруге лайықты” (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясында Украинаның шығысындағы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kzХабар 24” телеарнасына сілтеме жасап.

Канцлер Ангела Меркельмен келіссөзден кейін Президентке бауырлас елдің қазіргі жағдайы жөнінде сұрақ қойылды. Қазақстан басшысы Украинамен достық әрі әріптестік байланыс барын алға тартып, келешегіне бей-жай қарамайтынын білдірді. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мәселесін шешу жөніндегі ұсынысын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тұңғыш Президентіміз Қазақстан аумағында Украина мәселесін шешуге бағытталған бітімгерлік ұсыныс жасады. Дегенмен, арадағы келіспеушіліктерге, ең алдымен, Норманд форматындағы жиында нүкте қойылады деген ойдамыз. Бұл басқосу 9 желтоқсанда Парижде өткелі тұр. Тараптарға сәттілік тілейміз. Украинамен бізді достық әрі жан-жақты әріптестік байланыстырады. Украина халқына құрметпен қараймыз. Олар бейбіт те берекелі өмір сүруге лайықты.

Тағы оқыңыз:

ҚТЖ: Жастарды қолдауға арналған 7 бағыт (фото)

“Қала мен Дала” газетіне жазылу жүріп жатыр.

Газеттің жазылу индексі: 64 607

Анықтама үшін: 8 (707) 403 12 60

Өтірік сөйлемейтін, өткір жазатын басылымның оқырманы болыңыз!