Back

Тоқаев: “Ел Тұңғыш президентті де сынайды”

“Тұңғыш Президентті сынауға бола ма?” деген Deutsche Welle тілшісінің сауалына Тоқаев “неге болмасқа?!” деп жауап беріп,  мұны былайша түсіндірді.

“Қазақстан тұрғындары Тұңғыш президентті сынайды. Әлеуметтік желінің заманында бұған тоқтау сала алмаймыз. Интернет өмірімізді түбегейлі өзгертті. Ой-пікірін ортаға салғысы келген сан мыңдаған адамға еркіндік берді. Тұңғыш президентті ешкім сынамайды кесіп деп айтуға болмайды” деді Тоқаев.

Бұдан бөлек ереуілге шыққандарға қарсы полицияның арнайы құралдар қолданбағанын және бұл тікелей өз бұйрығы болғанын, арнайы жасақтың алаңдағы арандатушыларды жалаң қолмен құрықтағанын мысалға келтірді.

“Митингілер туралы” заң Ұлттық кеңес мүшелерімен ақылдаса өзгеретінін мәлімдеген Тоқаев заңның демократиялық үрдіске бейімделетінін айтты.

“Мен либералдандыру деген сөзді ұнатпаймын. Жаңа заңға сай елді алаңға бастап шыққан азаматтар қоғамдық тәртіптің сақталуын толықтай мойнына алады және митингіге қатысы жоқ халықтың, оның ішінде Үкіметті қолдайтын қауымның құқығына қол сұқпайды.

Қоғамдық тәртіпті бұзбай, билікке арыз-шағым айту үшін ғана алаңға шыққан бейбіт тұрғындарға қандай бір жазалау шарасын қолданбаймыз”, – деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз:

Қасым-Жомарт Тоқаев: “Қазақстанда жұп билік жоқ”