Cоңғы жаңалықтар
Back

Алтай Көлгінов Францияның іскер топ өкілдерімен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Франция кәсіпорындары қозғалысының (MEDEF) өкілдерімен кездесіп, тараптар денсаулық сақтау, автомобиль жасау, аэроғарыш өнеркәсібі, құрылыс, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым салалардағы өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ және Франция-Қазақстан Іскерлік кеңесінің төрағасы Ив-Луи Даррикарер нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін атап өтті.

Кездесу барысында Alstom компаниясының Таяу Шығыс елдері бойынша вице-президенті Дидье Флежер, Vicat өңірлік директоры Пьетро Кала, Renault вице-президенті Николя Мор, Air Liquide вице-президенті Филипп Кристодолу және MEDEF делегациясының басқа да өкілдері сөз сөйледі.

Өз кезегінде елорда әкімі Алтай Көлгінов елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығының бар екендігін айтты. АХҚО базасында экспат-орталық жұмыс жұмыс істейді. Экспат-орталықта шетелдіктер ағылшын тілінде мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы реттеудің ерекше режимін пайдаланады және ағылшын құқығына негізделген, қолайлы жұмыс үшін барлық жағдай жасалған.