Back

Әлия Назарбаева: “Тегімді мақтанышпен алып жүрмін” (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сүт кенжесі – Әлия  әкесін мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Әкесімен бірге Жаңа жыл шыршасының қасында тұрған суретін желіге жүктеген Назарбаева жылы лебізін жолдапты. 

View this post on Instagram

Поздравляю своих соотечественников с государственным праздником – Днем Первого Президента Республики Казахстан! В этот день, Нурсултан Назарбаев -наш Елбасы, в результате первых всенародных выборов был объявлен Президентом страны. Он прослужил на этом ответственном посту 29 лет и продолжает до сих пор трудиться во благо своего народа. Я с гордостью, честью, великим уважением и ответственностью ношу фамилию своего отца и каждый день молю Всевышнего о его здоровье и долголетии.

A post shared by Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official) on

Елбасының қызы осыдан 28 жыл бұрын желтоқсан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде президенті болғанын еске алған.

“Әкем осынау жауапты жұмыста 29 жыл қызмет етіп, елінің мұраты мен игілігі жолында әлі де тер төгіп келеді. Мен әкемнің тегін мақтанышпен, зор құрметпен, абыроймен және жауапкершілікпен алып жүрмін. Құдайдан оның ұзақ ғұмыр сүруін тілеймін”, – деген Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Назарбаевтың құрметіне арналған мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күні Қазақстанда 2012 жылдан бері тойланып келеді. 1 желтоқсан – осы күні салтанатты іс-шаралар ел көлеміне аталып өтеді.

Елбасы – Ұлт Көшбасшысы президенттік өкілеттілігін 2019 жылы 20 наурызда орнаттады, бұл ретте ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Nur Otan партиясының Төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі лауазымын сақтап қалды.

 

Тағы оқыңыз:

 

Әбденовтің тұжырымдамасы: теміржолға жас кадрлар тарту