Back

Даниал Ахметов: “Шығыста Қытайдың жұмыс күші жоқ”

ШҚО әкімі Даниал Ахметов “аймақтағы кен орындарын Қытай инвесторы игеріп жатыр” деген қауесетке қатысты пікір білдірді.  

“Жалған ақпаратты растауға құлшынып, отқа май тамызғысы келетіндер көп” – дейді Ахметов. 

“Бұдан бұрын Шығыстағы алтын кеніштерін қытайлар “басып” алып, жабайы жолмен игеріп жатыр деген сөз шықты. Мұның бәрі жалған және көпе-көрнеу арандату екенін дәлелдеп бердік. Бұл істі індете зерттеп, анық-қанығын анықтауға бірде-бір журналист атсалыспады”, – дейді облыс әкімі. 

Ахметовтың айтуынша қытай инвестициясының пайдасы шамалы екенін сөз ететін журналисттер қауымы мәселенің біржақты бағалайды. 

“Айталық, біз қытай инвесторларынан 2,1 млрд жеңілдетілген несие алып соның нәтижесінде Ақтоғайды көркейттік. 

Инвестиция бізге үлкен мүмкіндік берді. Жаңа технологиялар сатып алдық. Қытайдан инвестиция тартқанымыз қытай жұмысшысын елге шақырғанымыз емес.

Шығыста бірде-бір қытай жұмысшысы жоқ.

Қытай мәселесіне қатысты дау шығарғандардың бірде-біреуі бұл туралы айтуға жарамады. Неге? Мемлекет мүддесін қорғап, сыртқы саясатқа алаңдар болса, ақиқатты неге айтпайды?”, – дейді Даниал Ахметов. 

Әкімнің пікірінше Қытай мәселесін қоздыруға келгендер өтірікті шындай жазатын арандатушылардан аулақ жүрген жөн. 

Тағы оқыңыз:

Шығыста үш жыл ішінде 3,7 мың мұғалім біліктілігін арттырады