Back

Бекболат Тілеухан: “Мұның ар жағында ақша тұр ғой, иә?”

“Мені бәрібір убеждать ете алмайсыңдар” деп, Тілеухан айтқанынан танбай тұрып алды.

“Мұның ар жағында ақша тұр ғой. Жасыратыны жоқ. Миллион емес, миллиардтар жатыр”, дейді ашық кеткен депутат Бекболат Тілеухан.

Талқыланған мәселе – міндетті вакциналарға қатысты болатын.

“Мені бәрібір убеждать ете алмайсыңдар” деп, Тілеухан айтқанынан танбай тұрып алды.

“5 баласы бар бір жігітті білетінмін. Сол жігіт тұңғышына вакцина салдырып, тұңғышы кейін аурухананың есігін бермейтін әлсіз болып өсті де, кейінгі төртеуіне соған ерегесіп екпе салдырған жоқ. Құдайға шүкір, қазір солар жиырмадан асқан үлкен азамат болып отыр. Жалғыз ұлына екпе салдырып, ұлы содан ДЦП болып қалған тағы біреуді білемін. Ол байқұс дауласып жүріп ақшасын да өндіре алмады.

Қазір вакцина деген халықтың қамын ойлайтын нәрсе болудан қалып, ақша жасаудың жолына айналып бара жатыр. Вакцина мәселесінің тасасында ұлтқа қарсы жасалған жасырын геноцид жатуы да мүмкін. Неге дейсіз ғой? Қытай мен Үндістан сияқты мемлекеттерде адам санын осы вакцинамен де шектеп отырады. Оны бізге әкелсек, ұлтқа қарсы жасалған геноцид емей немене”, деп жазыпты желіде Жолымбет Мәкіш.