Back

Тоқаев: “Көзбояушылықты қою керек”

Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке қырып тастадық деген көрсеткіштер емес, тиімді іс-қимыл қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

– Біз бос іспен, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаны дайындау кезінде алдыңғы бағдарламалардың барлық қателіктері ескерілуі керек. Қырып тастадық деген көзбояушылықтың керегі жоқ, объективті талдау, тиімді іс-қимыл қажет, – деп атап өтті Президент Твиттерде.

– Үкіметтің, Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – бар күш-жігерін ұзақ мерзімді Елбасы Стратегиясын, Ұлт жоспары мен бес институционалдық реформаны толық іске асыруға бағыттау. Тек осы жолмен біз қиындықтар мен қауіп-қатерді жеңе аламыз, – деді ол.

14 қарашада Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Көкшетауға барды.

Тағы оқыңыз:

Тоқаев CNPC басшысына: Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеріңіз!