Back

Елорданы қардан тазартуға мыңнан аса техника тартылды

Елорданың барлық ауданын қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, яғни 12 қараша күні қаланы санитарлық тазалауға 1008 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 1749 жол тазалау қызметкерлері жұмыс жасауда.

Қала аудандарындағы көрсеткіш мынадай: «Алматы» ауданы – 223 бірлік техника мен 390 жол жұмысшысы. «Байқоңыр» ауданы – 149 бірлік пен 320 жол жұмысшысы. «Есіл» ауданы – 385 бірлік техника мен 538 жол жұмысшысы. «Сарыарқа» ауданы – 251 бірлік пен 501 жол жұмысшысы.