Back

Елорда әкімі ертеңгілік аралау кезінде аурухананың жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгі аралау барысында №2 қалалық ауруханаға барды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли клиниканың екі ғимараты арасындағы өткел жол құрылысын, 3Н жүйесі мен аурухананың материалдық-техникалық базасын талқылады.

Клиниканың бас дәрігері Иван Ли қала басшысына 3H жүйесінің жұмысы туралы айтты. 3H емделушілерді үш бөлікке бөледі. Олар –  шұғыл көмек, орташа, жасыл бөлікте пациенттерді тіркеудің электрондық жүйесі ұйымдастырылған.

– Қызыл бөлікте-қарқынды терапияның реанимациялық палаталары ұйымдастырылған. Пациентті жасанды тыныс алу аппаратына бірден көшіріп, өзге де ама маңызды медициналық қызметтерді көрсетуге болады. Автобус ірі жол-көлік оқиғасы түскен кезде барлық 29 зардап шеккендер біздің қызыл бөлікке келіп түсті. Сары бөлікте қарау кабинеттері ұйымдастырылған. Пациент сол жерде  анализ тапсырып, мамандардың кеңесін ала алады, – деді И. Ли.

Жасыл бөлікте науқастарды тіркеудің электрондық жүйесі ұйымдастырылған. Оператор алғашқы диагностиканы жүргізіп, қарау үшін мамандарды шақырады.

Кездесу барысында клиниканың екі ғимараты арасында өткел жолды салу, компьютерлік томографияны сатып алу мен машиналарға арналған тұрақ орындарының санын арттыру қажеттігі айтылды.

Өткел жолда кешенді-диагностикалық бөлімшесі бар қабылдау бөлмесі болады. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді және пациенттер үшін қолайлы жағдай жасайды. Қала әкімі Алтай Көлгінов жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.