Back

iKOMEK109 елорда тұрғындарының өтінішіне тез жауап береді

Ағымдағы жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарынан iKOMEK109 орталығына 1 273 000-нан астам өтініш келіп түскен. Оның 80%-ы «бірінші қоңыраудан» шешілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде iKOMEK109 азаматтардың қала қызметтерімен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқармаларымен «кедергісіз» және тікелей тілдесудің басты құралдарының бірі болып табылады және тұрғындардың барлық өтініштерін, оның ішінде әлеуметтік желілердегі барлық өтініштерді шоғырландырып, «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасына толықтай сәйкес келеді.

ҚР Президенті өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың сыны мен сындарлы ұсыныстарын жылдам қарайтын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына өту қажет екенін айтқан болатын.

Осы орайда iKOMEK109 қалалық орталығының миссиясы – қаладағы өмір сүру сапасын жақсарту және тұрғындарға арналған қалалық сервистер сапасын арттыру көп көмек көрсетуде.

Мемлекеттік органдармен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқармаларымен өзара іс-қимыл мақсатында қала деңгейінде регламенттік мерзімдер белгіленді.

Қаланы басқарудың цифрлық панелінің көмегімен iKOMEK109 күнделікті олардың сақталуын қадағалайды. Елорда тұрғындарының мұқтаждықтарына жылдам ден қою – iKOMEK109 қалалық орталығының басым міндеті. Тұрғындардың iKOMEK109-ға өтініштері негізінде анықталған, елорда тұрғындарын мазалайтын елорданың барлық жүйелі проблемалары апта сайын аппараттық жиындарда талқыланады.

Елорда әкімі орынбасарларына, аудан әкімдері мен әкімдік басқармаларына тұрғындардың жүйелі түйткілдерін орындау бойынша нақты тапсырмалар береді.

Мұнан басқа, Қалалық мониторинг орталығы елорда басшылығына қаланың «тынысын» бақылап отыруға көмектеседі. Азаматтардың кері байланысын талдайтын және мәселелерді қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингісіне жүйелейтін, BIG DATA технологиясы бойынша жасалған цифрлық платформа құрылды.

Бүгінгі таңда рейтингте 48 түйткіл бар, оларды шешу қаладағы өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Айта кететін жайт, түйткілдің 11-і қазіргі кезде шешімін тапты.