Back

Елордалық өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды

Бүгін Нұр-Сұлтандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, төтенше оқиға орын алды. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бес адамды құтқарды, оның біреуі бала.

Қалалық ТЖД хабарлайынша, 28 қазанда 13 сағат 13 минутта «101» пультіне Абылай хан көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келіп жеткенде, 6 минуттан кейін аумағы 10 шаршы метрді қамтыған он қабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің қонақ бөлмесінде жиһаздардың жануы орын алған.

Кіреберіс қатты түтінденіп, адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Адамдарды эвакуациялау және барлау үшін газ түтіннен қорғау шарасы ұйымдастырылды. 10-ӨСБ өрт сөндірушілерінің жедел әрекет етуі мен үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт болған орынға жедел барлау жұмысын жүргізіліп, бағытты дұрыс анықтаудың нәтижесінде 5 адам құтқарылды, оның 1-і бала.

Өрт 13 сағат 31 минутта ауыздықталып, өрттің ары қарай таралуына жол берілмеген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында улы газдан жеңіл уланған әйел адам ауруханаға одан әрі тексеру үшін жеткізілді.