Back

Жасарал Қуанышәлин: “Мамайдың партиясы – биліктің жобасы”

Белгілі оппозиционер Жасарал Қуанышәлин желіде Жанболат Мамайдың көзге ұрып тұрған төрт үлкен қателігін тізіп шықты.

– “Қазақстанның демократиялық партиясы” атауымен жарнамаланған ұйымға қатысты басқа да фактілерді әзірше былай ысыра тұрып, мен қазір тек Жанболат Мамайдың көзге ұрып тұрған және саяси сауатсыздық деуге келетін үлкен қателіктеріне қысқаша тоқталып кеткенді дұрыс көрдім, – дейді ол.

Қуанышәлиннің төрт дәлелі мынау екен:

1. Бұл партия құрылмай жатып, “Біз Нұр Отанды тас-талқан етеміз!”, “Режимнің быт-шытын шығарамыз!” деп ұрандатқан ұр да жық жалаң популизмі, секірмей жатып “Әуп” деуі.

2. Салыстыруға келмейтін жағдайларды салыстыруы.

Мәселен, “Бізде партиялар неғұрлым көп болса, қоғам үшін ол соғұрлым жақсы” дей келе, мұны “Қырғызстанда 226 партия тіркелген, оның 20-сы белсенді жұмыс істейді” деген уәжбен “дәлелдегісі” келеді. Демек, “Орта Азиядағы демократия аралы” атанған, 6 президенті ауысқан елді Қазақстанмен салыстырады.

3. Мамай Жүкеевті онымен біраз уақыт бір партияның басшылық құрамында болған мендей білмейді, әрине. Ал Төлеген – оппозиция ішінде нағыз “сұрқай кардинал” болған арамза, органның адамы.

Демек, оның мейлі тіпті, Жанболат айтқандай, тек “кеңесші” ғана ретінде қатысуымен құрылған партия да, сөз жоқ, “сұрқай партия” болады.

Өкінішке қарай, Жанболаттың бұдан да басқа шикіліктері жетіп-артылады, бірақ оның мына тірлігі жалпы алғанда шикі тірлік екеніне көз жеткізу үшін осы мысалдардың өзі-ақ жеткілікті.

4. Тоқетері – бұл партия қосанов-мосановтар көмегімен көпшіліктің онсыз да ашытып жіберген миын одан бетер ашытып, жұртты билікпен шын күресуші жалғыз ұйым – ҚДТ-дан басқа жаққа бұрып әкету мақсатында ғана құрылады.

Тағы оқыңыз:

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 500-ден астам шара өтеді