Back

2020 жылы ШҚО арқылы жүретін пойыздар жаңартылады

Келер жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағымен жүретін жолаушылар пойызының вагондары жаңартылатын болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ мамандарының мәліметінше, алдағы уақытта жаңа 50 вагон сатып алынбақ. Ол вагондарды «Тұлпар-Тальго» ЖШС «Тверск вагонқұрастыру зауытының» технологиясымен жасаған.

Жаңа вагондардың есебінен Шығыс Қазақстан аумағынан өтетін жолаушы пойыздарының құрамын жаңарту жоспарланып отыр.

Компания қызметкерлерінің сөзінше, бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» компаниясы жолаушыларды 1990-2017 жылдары жасалған вагондармен тасымалдап жүр.