Back

Білім министрі: “Тазабеков? Ол мектептерде дәріс оқи алмайды”

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ақын, “Асыл арна” директоры Мұхаметжан Тазабеков мектептерде дәріс оқыды ма деген сауалға берді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Министр көлденең адамдарға мектепте дәріс оқуға тыйым салынғанын тілге тиек етті.

«Мұндай шараны мектепте ұстаздар ғана өткізе алады. Тазабековтің мектепке келіп дәріс өткізгені туралы айту дұрыс емес. Ондай басқосулар болған жоқ. Бұл шара жоспарда болған деп те айта алмаймын.

Егер Тазабеков оқушылармен жүздескен болса, нақты жауап берер едім. Мұндай кездесу өтпегендіктен оны талқылау да негізсіз”, – деді министр.

Аймағамбетов бұдан бөлек мектеп пен колледждерде кімдердің дәріс өткізе алатыны туралы сауалға жауап берді. 

“Тазабеков? Ол дәріс өткізе алмайды. Діни немесе басқа да мәселелерге сілтеп тұрсаңыздар, білім ордаларына кім көрінген келіп өзінің діни көзқарасын ежіктеп отыруына рұқсат етілмейді және бүгінге дейін бұған жол берілген жоқ”, – деді ол.

Мұхамеджан Тазабеков “Асыл арна” діни телеарнасының бас директоры. Күштік құрылымдармен жүздескен Тазабековтың дәрісінен соң Ішкі істер министрлігі тексеру жұмыстарын бастаған-тұғын.

Тағы оқыңыз:

Орбұлақтағы ерен ерлік. Жетісуда тарихи шайқастың қойылымы өтті (фото)