Back

Бензин бағасы Ресейдегідей қымбаттай бастайды

ҚР Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаевтың айтуынша алдағы уақыттары елімізде бензиннің бағасы көрші Ресейдегі бағамен теңесіп қалуы әбден мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz сайты.

– Қазақстанда бензин бағасының көрші елдердегідей қымбат болуынан қаша алмаймыз. Баға біртіндеп көтеріледі. Айтылық, Қазақстан мен Ресейдегі бір литер бензиннің бағасының айырмашылығы 100 теңгені құрайды. Көрші елге жанармай тасымалдау ісіне тосқауыл қойған сәтте – ол қандайда бір жемқорлық оқиғалырын тудыратыны жасырын емес, – деді Қанат Бозымбаев Нұр-Сұлтан қаласында журналистерге түсініктеме берді.

Сонымен қатар, ол бензин бағасының қымбаттауы халық үшін қандайда бір «шок» болмайтынын да айтты.

Бірақ министр бензин бағасының қай уақыттан бастап жоғарлайтынын ашып айтқан жоқ.

Қанат Бозымбаев қазіргі таңда Қазақстанда өндірілген бензин жанармай бағасы әлдеқайда қымбат – Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға контарбандалық жолмен тасымалданып жатқанын да тілге тиек етті.

– Сіздер білесіздер ме, Қазақстанның Ресеймен шектесетін аймақтарында көрші елден күн сайын мыңдаған адам Қазақстан территориясына өтіп, көліктеріне бензин құйып, қосымша канистрлерге құйып алып кетуде. Ал жүк көліктері қосымша бактар орнатып алып, Қазақстанның арзан дизел отынын тонналап сатып алуда.

Үкімет жанар-жағармай саласын субсидияласа, екінші жағынан оның қызығын көрші елдердің жүргізушілері көруде. Біздер бөтен елдің экономикасын қашанға субсидиялай береміз? Бұл ұзаққа созылмау керек, – деп министр жанармай мәселесіне қатысты ойын ортаға салды.

Қазіргі таңда Қанат Бозымбаев басқаратын министрлік Мемлекеттік кіріс комитеті және Ұлттық қауіпсздік комитетімін тізе қосып, көрші ел азаматтарының көлік құралдарын пайдаланып, сырт елге жанар-жағармай тасу ісіне шектеу қоюдың жолын қарастырып жатқаны мәлімдеді.