Back

«Невада – Семей» қозғалысының жетекшілерінің бірі тұтқындалды

Алматы полициясы «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаев алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Dalanews.kz сайты.

«Иә, аталған адам қыркүйек айында тұтқындалды. Ол Қылмыстық кодекстің 190 бабының төртінші тармағына сәйкес «Алаяқтық» бойынша тұтқындалған. Қазіргі таңда оның ісін мамандар тергеп, тексеріп жатыр»

деп Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан сайтының жауап беріпті.

Мамандардың пайымдауынша, Харон Дадаевтың айыбы анықталса, оның дүние-мүлкі тәркілеп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.

Бұған дейін Медау ауданы кримналды полиция бөлімі 69 жасар Дадаевқа іздеу салған болатын.

 

Тағы оқыңыз

Жергілікті және шетелдік жұмысшының айлығының айырмашылығы қанша?