Back

“Отанына опасыздық жасаған”. Қытайтанушы 10 жылға сотталды

Қытайтанушы Константин Сыроежкин 10 жылға сотталды хабарлайды Dalanews.kz. 

Сыроежкиннің сотталғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланып, артынан бұл ақпартты Алматы қалалық соты растады. Сот үкімі осыдан 3 күн бұрын шыққан. 

– Осы жылдың ақпанында қытайтанушы, Қытайды жете білетін маман Константин Сыроежкин қамауға алынған еді. Оған “Отанына опасыздық жасады” деген айып тағылды. Сот процесі жабық өтті. Сыроежкинді 10 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын арнайы қатаң режимдегі абақтыда өткізу, одан соң азаматтығынан айыру жазасы кесілгені белгілі болды, – деп жазды қоғам белсендісі Ғалым Ақелеуов өз парақшасында.

Оның айтуынша Сыроежкин кінәсін мойындамаған және апелляциялық шағым беруден бас тартқан.

Саясаттанушы Андрей Чеботарев қытайтанушының қамалғанына өкініш білдірді. 

“Өкінішке орай, осылай болды”, – деп жазды ол. 

– Сот толықтай жабық өтті. Сондықтан бұған байланысты әзір бірнәрсе айту қиын, – дейді ол.

Бұған қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті де мәлімдеме жасады. 

– 2019 жылы 7 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1956 жылы туылған ҚР азаматы Константин Львович Сыроежкинді ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, яғни “Отанға опасыздық жасау” бойынша кінәлі деп тауып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай Сыроежкин жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Бостандыққа шыққаннан кейін ол Қазақстаннан қуылып, бес жылға дейін елге оралуына тыйым салынады.

Осы жылдың мамырында саясаттанушы, профессор Константин Сыроежкиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

– 2019 жылғы 15 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1956 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматы Константин Львович Сыроежкинге қатысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2-тармағы, яғни “Отанына опасыздық жасау” бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 ақпанда Алматы қалалық тергеу сотының шешімімен оған тұтқындау шарасы белгіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлаған еді ҚР ҰҚК.

Тағы оқыңыз:

Суханбердиеваның жаңа жемқорлық ісі әшкере болды