Back

Ата-анасыз қалған 6 балаға Алты алаштан көмек керек

 Қазақ «Басқа түссе баспақшыл» дейді. Жастайынан тағдырдың тауқіметін тартып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бір отбасының алты баласы Семей қаласындағы саяжайлардің бірінде жалдамалы пәтерде уақытша тұрып жатыр.

Ал Ертаевтар отбасындағы 6 баланың үшеуі туғаннан мүмкіндігі шектеулі жандар. Балаларын байлығым деп, азын аулақ табысты тәубе тұтып, сәбилерін қатардан қалдырмай өсіріп келген аналары, осыдан  үш ай бұрын кенеттен өмірден озды.

Қайғыдан қан жұтқан жанұяға өте ауыр соққы болып тиді. Өйткені  туа бітті арбаға таңылған үйдің үлкені 28 жастағы Жадыраға, 11 жасар Нүрсезім мен ең кенже Санжар да туғаннан жүре алмайтындықтан ерекше күтімге зәру жандар. Бар ауырпалықты қайсарлықпен көтерген аналарының орнына жақында ел алдында азаматтық борышын өтеп келген Ернар атқарып жүр.

Осындай қиындықа тап болған ағайындылардың екіншісі ғана жұмыс істейді.

Көзіне жас алған Құралай «алатын жалақым 50 мың теңге шамасында. Және Жадыраның жәрдемақысы бар. Алайда азын аулақ қаржы ешқайда жетпейді.  Үш баламен өте қиын. Өзіміздің шағын баспанамыз болса, туғандарым дертінен сауығып, аяғынан тұрып кетсе» дейді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлуеметтік бағдарламалар бөлімінің маманының сөзінше «арбалар және үйде отырған балаға компенсация беріледі.

Мектепте оқитын бір баласы киіммен, оқулықтармен қамтамасыз етілген» дейді Айдар Самаев мырза. Бірақ бұл аталған көмектердің жеткіліксіз екені айдан анық.  Ендігін үмітін  қайырымды жандар мен, Президентте көмек қолын созады деген ойда. Жығылғанға жұдырық болғандай аналары өмірден өткеннен кейін отбасы мүшелері Нұрсезім мен Санжарға алып келген жәрдемақыда тоқтаған.

Ал оны алу үшін апайы Құралай қазір қамқоршылық құқығын рәсімдеп жатыр. Бірақ, басында баспана болмағандықтан, ондай құқыққа ие болмауы да мүмкін көрінеді. ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы бұл отбасының жағдайынан хабардар.

Баспана мәселесін шешіп беруге де уәде еткен. Уақыт еншісінде әрине.  Жетімін жылатпаған ел екенімізді ұмытпай,  бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып тағдыр тәлкені тап болған жандарға қол ұшымызды берейік.

Үлкен байлықпен адамға үлкен қайырым бітпейді, керісінше, үлкен қайырымдылық – жинаған байлығыңды абыройлы ететінін естен шығармайық.

Жантүсіпов Ернар Елгелдіұлы. ИИН 980429351129

KASPI GOLD 5169 4971 9035 2355

Ержан Жақып, Қуаныш Рахметоллаұлы

 

Тағы оқыңыз:

Алматы облысы шикізаттық емес инвестиция тартуда көш бастап тұр