Back

Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» бойынша тегін лекциялар өтеді

Қазақстандық профессорлар мен қоғам қайраткерлері «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында тегін лекциялар өткізеді. Негізгі тақырып ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары таңдалып алынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тегін дәрістер әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері, сағат 9:00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтеді.

Дәрістер тарих, дәстүр, дінтану, жаһандану тақырыптарына негізделіп, сонымен қатар азаматтардың өзін-өзі үздіксіз дамытуы мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған. 

Шара елордалық Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында өтеді.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, семинарлар кезінде халықтың барлық тобын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстыру үшін ғылыми-әдістемелік және консультативтік қызметтер көрсетіледі.

Ақпараттық-түсіндірме жұмысымен халықтың барлық тобын, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, білім, спорт, мәдниет, жастар саласы мен ҮЕҰ қамту көзделіп отыр. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.