Back

Келес ауданы қарқынды даму жолында

Түркістан облысы Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 23 ішкі көше жөнделіп, орталық стадион мен аудандық мәдениет үйі толық қайта жаңғыртылатын болады. Бұл 25 нысанға республикалық бюджеттен 1 млрд 229,3 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, аудан басшысы аймақта өндірілген жалпы өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 30,9 млрд теңгеге жеткенін баяндады.

– Кірістер бойынша 2019 жылдың 8 айында жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 96,8%-ға орындалды. Ал осы мерзімде белсенді шағын және орта субъектілер саны 8500 бірлікке жетіп, онда жұмыс істейтін адамдар саны 18,1 мың адамды құрады. Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы құны 327,4 млн. теңгені құрайтын 2 жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. 2018 жылы құны 250 млн теңге болатын 1 жоба іске асырылып, 50 жұмыс орны ашылды, – деді Ақментай Үсенұлы.

Бұдан өзге, аудан бойынша 2019 жылдың 8 айында 4 млрд. 323,1 млн теңгеге 27 нысанның құрылыстары жүргізілген: білім саласында – 2 нысан, табиғи газбен қамтуда – 1 нысан, ауыз сумен қамтуда – 13 нысан, сапалы электр қуатымен қамтуда – 11 нысан. Оның ішінде 4 жаңа нысанның құрылысы пайдалануға берілді.

Инфрақұрылым бойынша елді мекендерге шаққанда Келес ауданында табиғи газбен қамту үлесі – 65%, ауыз сумен қамту – 54,4% болса, сапалы электр қуатымен қамту – 65%. Саладағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Сондай-ақ,     2020 жылға қарай 43,9 шақырымды құрайтын ауданның 30 ішкі көшелерін  жөндеу жоспарлануда.

 

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі