Back

Павлодарлық ұстаздар: “Бізге сыйлықтың қажеті жоқ”

Елімізде Мұғалімдер мерекесі таяп келеді. Осыған байланысты Павлодар облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялап, ата-аналардан мұғалімдерге сыйлық жасамауды сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Құрметті ата-аналар! Менің үлкен бір өтінішім бар. Біздегі кейбір мұғалімдер “Бізге сыйлықтың қажеті жоқ” деген челенджді бастаған. Расында бізге сыйлықтың қажеті жоқ, оған мұқтаж емеспіз. Әсіресе, ол сыйлықты басқа белсенді ата-аналар қысастап, жасатып жатса. Біздің мерекенің шырқын бұлай бұзбаңыздар…, – деп жазды Дінислам Болатханұлы.

Бұған дейін мұғалімдер күні қарсаңында Павлодар облысында “Бізге сыйлықтың қажеті жоқ” (# ustazdarsyylygalmaıdy) деген видеоролик тарай бастаған.

Қалалық және аудандық мектептердің мұғалімдері кез-келген сипаттағы материалдық сый-сыяпатты қабыл алмайтындарын, олар үшін нағыз сыйлық оқушылардың жетістіктері мен жақсы көрсеткіштері екенін айтып, бейнеролик жазып, таратқан.

Тағы оқыңыз:

Семейде 19 көпбалалы отбасы баспаналы болды