Back

Алтай қаласында жылу маусымы басталды

Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір аймақтарындағы мекемелерге жылу беріле бастады. Осылайша шығысқазақстандықтар қысты қарсы алудың қамына кірісіп кетті.

ШҚО әкімдігінің тиісті орындарының таратқан мәліметінше, 25 қыркүйек күні Алтай қаласындағы 69 әлеуметтік нысанға жылу берілген.

Алтай қаласында ауа райының орташа температурасы – 15 градус жылы. Түнде градус тілі төменге түсіп кетеді.

Айта кетейік, 24-26 қыркүйек күндері түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, қатқақ жүретінін «Қазгидромет» те хабарлаған болатын.

– 69 нысанның басым көпшілігі – балабақша, мектеп және емханалар. Олар жылу беру маусымына дайын екенін растады, – деді қала әкімі Константин Передельский.