Back

Ішкі істер министрі: “Кешегі митинг? Ескерттік қой…”

Үкіметте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 21 қыркүйекте рұқсат етілмеген митингтер кезінде ұсталған азаматтардың санына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– 21-ші қыркүйекке дейін Бас прокуратура барлық қалаларда рұқсат етілмеген митингтердің өткізілуіне жол берілмейтіні туралы ескерту жариялады. Республикамыздың барлық қалаларында 21 орын айтылған. Біз бұл митингке қатысудың заңсыз әрекет болатынын ескерттік және 21-і күні митинг болады деген жерлерге полиция жасақтары шығарылды, митингтердің алдын-алу жұмыстары жүргізілді, – деді ол.

Ел бойынша 7-8 қалада адамдар ұсталды. Нұр-Сұлтан мен Алматыдан басқа қай қалаларда адамдар ұсталғаны туралы сұраққа жауап беру ішкі істер министріне қиынға соқты.

– Сол күні 100-ге жуық адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның 15-і әкімшілік жауапкершілікке, 9-ы әкімшілік қамауға, 6-ы әкімшілік айыппұлға тартылды. Қалған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, бәрі босатылды, – деді Тұрғымбаев.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында майлау материалдарын өндіретін зауыт ашылды