Back

Абай университетінде Президент Жолдауы талқыланды

2019 жылдың 11 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Жолдауы бойынша талқылау өтті.

Іс-шараға проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, профессор – оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Жиналысты ректор Такир Балықбаев ашып, білім беру және ғылым саласындағы бастамаларға ерекше назар аударып, Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бастамаларын атады. Университет басшысы Жолдаудың міндеттеріне тоқталып, оны жүзеге асыру Қазақстанның одан әрі дамуына жаңа серпін беретіндігін, сондай-ақ, Президенттің Жолдауында алға қойылған педагогикалық және ғылыми салаларға бағытталған стратегиялық міндеттерді біз Отанымыздың табысты дамуы үшін тиісті шараларды жүзеге асыруымыз қажет екендігін айтты.

Іс-шара барысында барлық жоғары оқу орындарына қатысты – жоғары білім мен оқулықтардың сапасын жақсарту, ғылымның тиімділігін арттыру, түлектеріміздің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жолдауды талқылау барысында ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор  Ақтолқын Құлсариева («Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»), Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков («Билік транзиті кезеңіндегі Президент Қ.К.Тоқаевтың алғашқы жолдауының саяси аспектісі»), Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов («Білім-қоғамның рухани қазығы»), Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев («Повышение качества юридического образования») баяндама жасады.

А.Құлсариева Мемлекет басшысының Жолдауының бөлімдерінде көрсетілген тапсырмаларын орындау тиімділігі жөніндегі шаралар туралы егжей-тегжейлі айтты.

«Біздің ортақ міндетіміз – Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, ол азаматтардың барлық сындарлы өтініштеріне жедел әрі тиімді жауап береді. Билік пен қоғамның тұрақты үнқатысуы арқылы ғана қазіргі заманғы геосаясат жағдайында үйлесімді мемлекет құрыла алады. Жолдаудың «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» бөлімінің басты ерекшелігі – бұл жаћандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан, Қазақстан экономикасы тұрақты дамуы. Инклюзивті экономика туралы айта отырып, Президент бұл тұжырымдаманы кең мағынада түсінетінін айтты. Жолдау нақты міндеттермен айқындалған ұтымды және жүйелі құжат…», – деді проректор.

Президент Жолдауын талқылауда студенттердің атынан Сорбонна-Қазақстан институтының 2 курс магистранты Навасардян Арам сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді сапалы орындау туралы пікірлермен алмасты.

Рима Жанбаева