Back

Рақым Ошақбаев: “Зейнетақы қорының араны ашылып кеткен”

Зейнетақы жүйесі табысының мардымсыздығы салымшылардың сенімін жойып отыр, деп мәлімдеді “Талап” қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рақым Ошақбаев, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бір дүңкиген, қолапайсыз дүние бар бізде, сондықтан қатардағы қазақстандықтармен қатар сарапшылар да оны елемей қала алмайды. Бұл – қазіргі үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің тиімсіздігі. Өкінішке қарай, менің ойымша, бұл зейнетақы жүйесіне деген халықтың сенімі керемет емес. Біз үш деңгей бойынша есеп жариялаймыз, шындығында ондағы ақшаның 92 проценті бюджеттен келеді. Міндетті жинақтаушы бөлікті алайық, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы оның нақты табысы небәрі 0,09% құрайды. Бұл цифр басқасын білмеймін, мені қатты таң қалдырды. Төмен рентабельділік, қауіпсіздік деңгейі төмен болғандықтан, бұл әрине салымшылардың осы зейнетақы жүйесіне деген сенімінің төмендеуіне алып келеді, – деді Рақым Ошақбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде.

Оның айтуынша, жылына жұмыс істейтін 8 млн азаматтың 2,5 миллионы жылына 12 рет тұрақты түрде зейнетақы жарнасын аударады, онда да олардың 63 процентінің көрсеткен жалақысы ең төменгі жалақы мөлшерінен де кем.

– Жинақ көлемі де төмен деп ойлаймын. Мысалы, біздегі 6,6 миллион адамның жинағы 1 млн теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Ал 282 мыңнан астам адамның жинағы – 5 миллион теңгеден астам. Яғни, 21 жыл ішінде міндетті қаржыландыру элементі сол күйі шындап жұмысқа кіріспеген секілді. Сондықтан да біз осы сандарға назар аудартқымыз келеді, – деді сарапшы.

Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Ұлттық экономика министрлігімен бірігіп жұмыс тобын құру қай жүйе жақсы жұмыс істей алатынын сынап-көруде жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты

– Осы арада мына нәрсеге баса назар аударта кеткім келеді: “БЖЗҚ” АҚ-тың ашылып кеткен аранына, тәбеті жақсы-ақ. Олар жұмыс істеген бір жылдың ішінде зейнетақы активтерін басқармаса да оны басқардық деп 45 миллиард теңге комиссия сыпырып алған. Олардың осылай алған комиссиясының жалпы жиынтығы 60 млрд теңгені құрайды. Ал әкімшілік шығындарға деп жыл бойына 20 млрд теңгені ұстапты. Түсінесіз бе, 20 миллиард теңге (!). Ол қандай әкімшілік шығындар, мүлде ақылға сыймайды, оны мен көз алдыма елестете алар емеспін. Мысалы, салыстырып қараңыздар, еліміздің бүкіл қаржы жүйесін басқаратын Қаржы министрлігінің әкімшілік шығындар құрамы небәрі 6 миллиард теңгені құрайды. Ал бұл арада 3 есе, 20 миллиард теңге туралы сөз болуда.Демек, Есеп комитетінің бақылауынан тыс БЖЗҚ ойына келгенін істеуде. Сондықтан біз бұл қорлардағы барлық ақшаны бір әлеуметтік сақтандыру қорына біріктіру туралы ұсынысты қуана қабыл алдық, – деп түйіндеді өз сөзін Рақым Ошақбаев.

Тағы оқыңыз:

Асхат Аймағамбетов: “Үлкен реформалардың қажеті жоқ”