Back

“Халықты тізерлету?!”. Тілеухан Божкоға жауап қатты

“Бұл ақылға сыймайды…”. Депутат Бекболат Тілеухан төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божконың мәлімдемесіне қатысты осындай пікір білдірді.

Түнеукүні Владимир Божко “тұрғындар әлеуметтік көмекті көбейткені үшін үкіметтің алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы қажет” деген-тұғын. Божконың бұл сөзі күллі халықтың ашу-ызасын туғызып, әлеуметтік желідегі жұрт Мәжілістің вице-спикерін жерден алып, жерге салған.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан соң тілшілермен тілдескен Тілеухан: “Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес”, – деп қысқа қайырды. 

Ал үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ойынша, Владимир Божко бұл сөзді “аңдамай айтып қалған”.

Кеше бұған қатысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та пікір білдіріп: “Божко мырза эмоцияның жетегіне еріп кетті, содан да болар ойын дұрыс жеткізе алмаған. Анығында ол қазақ жерінің нағыз жанашыры” деді.

Тағы оқыңыз:

“Космомол, “жезөкше” және жұмыссыз жастар”. Божконың даулы мәлімдемелері