Back

Нұр-Сұлтанда түркістандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

ҚР Конституция күніне орай, 31 тамыз және 1 қырқүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты дәстүрге айналған Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Шараға Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Жәрмеңкеге «Қазақстанда жасалған» жобасы аясында Жетісай ауданынан «Улугбек» ЖК аяқ киім өнімдерін, Төлеби ауданы «Ленгер Текстиль» ЖШС-і арнайы жұмыс киімдерін, Сайрам ауданы «Алтын адам»ЖШС-і ерлер костюмдері мен мектеп киімдерін қала тұрғындарына қол жетімді бағада ұсынылуда.

Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші, 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарып отыр. Олардың жалпы құны 123 млн 545 мың теңгені құрады. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 % төмен бағада ұсынылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі