Back

Жолдауды орындайтын Жалпыұлттық жоспар әзірленбек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды. 

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының бес басты бағытын орындау жолдары туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Үкімет басшысының орынбасарлары Жеңіс Қасымбек пен Бердібек Сапарбаев баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

“Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Атап айтайын, әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек”, — деді Аскар Мамин.

Үкімет басшысы 7 қыркүйекке дейін Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеуді тапсырды