Back

Мүмкіндігі шектеулі жастардың ІТ жобаларына грант беріледі

Тамыздың 28-і күні Нұр-Сұлтандағы «Астана Хаб» IT-стартаптар халықаралық технологиялық паркінде көптен күткен IteachMe жобасының финалы өтеді.

Жастар мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған, жарты жыл бойы жұмыс жасаған жобаларын қазылар алқасына таныстырады. Жобаға “Шеврон” компаниясы қолдау көрсетуде.

ITeachMe инклюзивті білім жобасының басты міндеті мүмкіндіктері шектеулі жастарды бағдарламалау, кодтау, жобаны басқару, дизайн, маркетингтің негіздері, робот жасау техникасын меңгеру және т.б. бағыттарда оқыту.

ITeachMe түрлі IT саласындағы сарапшылары оқытушы болған төрт күндік лагерьден бастап онлайн білім беру және менторлық көмек көрсетуге дейін кешенді білім бағдарламасынан тұрады.

Қатысушылардың менторлармен тығыз байланыста болуы идеяларды жақсарту, ақшаға айналдыру жолдарын ойластыру, аудиторияны тарту мен дамытуға септігін тигізді.

Ақтық сынға жеті жоба қатысады:

  • CUP (Classmates Up the Progress) – жоба онлайн түрде жүзеге асырылады. Мамандығын ауыстырғысы келетін студент виртуальды платформаға кіріп, бір күн бағдарламалаушының, маркетологтың және дизайнердің өмірін «сүруге» мүмкіндік алады.
  • Rapport қосымшасы – бір уақытта ыммен сөйлесу және қазақ тілін үйрену.
  • ASAR қосымшасы – өздеріне жақын орналасқан адамдардан белгі алып, еріктілермен байланыс орнату арқылы барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсету (мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, балаларға және т.б.).
  • Ерекше мұқтаждықтары бар адамдарға арналған инклюзивті ортада жұмыс істеу ерекшелігін есепке ала отырып жасалған робот жасау және бағдарламалау бойынша курс.
  • «Dariger» медициналық платформа – әлеуметтік-осал топтарға белгілі бір дәрігерлерге онлайн жазылатын чат-бот.
  • «103» қосымшасы – адамның тұрған мекенін нақты анықтай алуға көмектесетін жедел-жәрдем картасы.
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды заманауи жаттығу құрылғылары арқылы сауықтыру.

Финалдың ашылу рәсіміне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-Министрі Нариман Мукушев, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ, Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының корпоративтік байланыс департаментінің директоры Мирас Іргебаев, Білім және ғылым министрлігінің, «Шеврон» компаниясы, «Ерекше Таңдау-Шелек» қоры және «Орталық Азияның Евразия Қоры»  өкілдері қатысады.

Іс-шара «Ерекше Таңдау-Шелек» Корпоративтік қоры, «Мойымайтын Мүгедектер Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлестігі мен «Шеврон» компаниясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Орталық Азияның Евразия Қоры» Корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырылады.