Back

Тайжан: “Бізді “нұротандардың” балалары мен немерелері билеп отыр”

Саясаткер Мұхтар Тайжан Қазақстанның барша бақытсыздығы мен сәтсіздігіне “Нұр Отан” кінәлі деп есептейді. 

Ия, рас «Нұротан» билік партиясы. Қаншама жыл тақтан түспей келеді. 

Айналадағының бәрі соның қолымен жасалған, жақсысы да, жаманы да. Жасалған нәрсенің бәрі халықтың ақшасына жасалды, өйткені басқа қаржы көзі жоқ қой:

Анау Есентай жағалауы, саябақтар, жолдар, арықтар, Ашаршылық ескерткіші және тағы басқасы. Біздің ақшамыз болған соң, жалақы төлеп отырған соң Сіздер мұны істеуге міндетті болдыңыздар, нұротандықтар.

Енді кемшіліктерге тоқталалық.

1. Біздің балаларымыз бен немерелеріміздің мойнына қамыт боп киілген елдің үлкен сыртқы қарызы бар.

2. Нақтысында адамдардың қажеттілігіне керек миллиардтарды құны удай әрі түкке керегі жоқ ЭКСПО және LRT сынды қымбат жобаларға шаштыңыз.

3. Өңірлердегі мектептерде, ауруханаларда, ақыры дәретхана су жоқ. Ауыз су мәселесі әлі шешілмеген.

4. Темір жол, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы, Ішкі істер министрлігі, әскер, зейнетақы жүйесі, банк қызметі, мемлекеттік қаржы сынды барлық саланы құлдырап, құрдымға кетті.

5. Жастардың жаппай жұмыссыздығы, білімділері шетелге кетіп жатыр.

6. Біздің ақшамызды жеуден бір талмайтын үлкен әрі ашкөз квазимемлекеттік сектор. Онда нұротандықтардың балалары мен немерелері жұмыс істейді.

7. Әлемдегі жер аумағы бойынша 9-шы орынды иемденетін Қазақстанда бос жер жоқ. Ауылшаруашылығы үшін. Адамдар жұмыс істейін десе жер таппайды. Өйткені оның бәрі нұротандық латифундистердің қолында.

8. Сіз көпбалалы аналардан ақшаны аяйсыз, кешке дейін «бер-бер» деп мазаңызды алады екен ғой. Бірақ жыл сайын өз банктеріңізге миллиард доллардан ақша бөлгенде аянбайсыз. Бірақ оларға «бар, сиыр сауып, күніңді көр» деп айтпайсыз. Айтқандай, оның қожайындары да нұротандықтар екен ғой…

9. Сіз өзіңіз құрмет тұтатын нұротандықтардың балаларын әкім, министр ете бастағансыз. Сізге өте адал әрі тамыры тереңге жаятын нұротандықтар қажет қой.

Қарап тұрсаңыз, құдды біздің еліміз Нұротан мен нұротандықтардікі ғана секілді! Ал нұротандық емес халықты қайда қоясыз?

Бізге осы аста-төк өмірді тамашалап, соны қанағат тұтып, сиыр саууды бұйырасыз ба?

Жоқ, кешіріңіз, бұл біздің де еліміз, кейінге ысырыла тұрыңыз!

Барлық жерде Сіздің нұротандықтар, барлық жерде саяси монополия, астананы алыңыз, жергілікті әкімдіктерді алыңыз, Мәжілісте те, мәслихатта да. Елді қазіргі мүшкіл күйге түсірген солар.

Ал біз оны өзгертеміз, мұны Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев: “Бер, бер” демей, жұмыс істеңдер”