Back

Жыл басынан бері Шымкентте 25 мыңнан астам жүргізуші куәлігін рәсімделді

Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО-да 2019 жылдың 7 айында 209 мың мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 25 600 жүргізуші куәлігін берілген. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34%-ға артқан.

Шымкентте барлығы 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 2 мамандандырылған ХҚКО және көші-қон қызметін көрсету орталығы бар. 2019 жылдың соңына дейін қалада тағы бір мамандандырылған ХҚО өз жұмысын бастайтын болады.

Қазіргі уақытта, “Достық” шағын ауданының және Қ.Төлеметов көшесіндегі мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚО ғимаратында жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өтуге болады.Күн сайын мұнда 300 жүргізуші куәлігі беріліп, 1500-ден астам көлік құралы есепке алынады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.

Жыл басынан бері онлайн тәртіпте 1 180 автокөлік тіркеліп, 1 400 жүргізуші куәлігі берілген.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі